Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасы Холланд бастаған Норвегияны Алматыда қабылдайтын болды

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының аясындағы өз алаңындағы матчтарды Алматы қаласында өткізеді. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев орталық коммуникациялар қызметі брифингінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңындағы бірінші матчты 6 қыркүйек күні әйгілі "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Эрлинг Холланд бастаған Норвегия құрамасына қарсы өткізеді.

"Біз қосалқы нұсқаны қарастырдық және ол іске асырылды. Біздің ұлттық құраманың күзгі кезеңдегі барлық ойыны кезеңде Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. Ол үшін Алматы әкімдігі барлық қажетті жұмыстарды, қаражатты кепілге қойып, жүргізуде", - деді Жарасбаев ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, күзде Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының В дивизионында дебют жасайды. Онда Аустрия, Норвегия және Словениямен бір топта ойнайды. Бұл топтың барлық кездесуі қыркүйектен қарашаға дейін өтеді. Норвегиялықтармен бірінші тур ойынынан басқа, ұлттық құрама өз алаңында 4-турда Словениямен (13 қазан), ал 5-турда (14 қараша) Аустриямен ойнайды.

Сондай-ақ маусым айының басында Қазақстан құрамасын баптауға Магомед Адиевтің орнына ресейлік маман Станислав Черчесов келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2123421-futboldan-qazaqstan-quramasy-holland-bastagan-norvegiiany-almatyda-qabyldaityn-boldy/