Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойыншылармен ұрысқанын сирек көрдік": футбол тарихындағы ең үздік төреші анықталды

Жарияланған күні:

Пьерлуиджи Коллина
Пьерлуиджи Коллина. Фото: Etsuo Hara/Getty Images

Give me Sport порталының сарапшылары футбол тарихындағы ең үздік 10 төрешінің тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Рейтингте италиялық Пьерлуиджи Коллина көш бастап тұр. Ол 1998-2005 жылдар аралығында төреші болып қызмет атқарған. Коллина төрелік еткен ең ірі футбол додалары ретінде 1996 және 2004 жылғы Еуропа чемпионатын, 1998 және 2002 жылғы әлем біріншілігін айтуға болады.

"Пьерлуиджи Коллина әрқашан барлық кезеңдегі ең үздік төреші саналып келеді. Ол ең маңызды матчтарда, соның ішінде 2002 жылы Бразилия мен Германия арасындағы әлем чемпионатының финалында ойыншылардың құрметіне бөленді. Біз оның алаңда футболшылармен ұрысқанын және ойыншылар оған боғауыз сөз айтқанын сирек көрдік", - деп жазды Give me Sport порталы.

Give me Sport порталының нұсқасы бойынша футбол тарихындағы ең үздік 10 төреші:

  1. Пьерлуиджи Коллина (Италия);
  2. Ховард Уэбб (Англия);
  3. Никола Риццоли (Италия);
  4. Маркус Мерк (Германия);
  5. Марк Клаттенбург (Англия);
  6. Ким Милтон Нильсен (Дания);
  7. Марк Халси (Англия);
  8. Шандор Пуль (Мажарстан);
  9. Виктор Кашшаи (Мажарстан);
  10. Педру Проэнса (Португалия).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2123514-oiynshylarmen-urysqanyn-sirek-kordik-futbol-tarihyndagy-eng-uzdik-toreshi-anyqtaldy/