Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" тарихында ең көп жүлде жеңіп алған футболшы командадан кетті

Жарияланған күні:

Начо мен Карло Анчелотти
Начо мен Карло Анчелотти. Фото: Helios de la Rubia/Real Madrid via Getty Images

"Реал Мадрид" футбол клубының қорғаушысы Начо клубпен қоштасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

34 жастағы қорғаушы Начоның футболдағы мансабы "Реал Мадрид" клубында өтті. Ол 11 жасында осы команданың академиясына түсіп, содан бері 23 жыл бойы мадридтік команданында сапында өнер көрсетті.

Начо "Реал Мадрид" клубымен бірге Ла Лиганы (4 рет), Испания кубогын (2), Испания Суперкубогын (5), Чемпиондар Лигасын (6), УЕФА Суперкубогын (4), клубтық әлем чемпионатын (5) жеңіп алды. Ол мадридтік клубта барлығы 364 матч өткізіп, 16 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

"Бала кезімде "Сантьяго Бернабеу" стадионында ойнауды армандайтынмын. Бүгін Чемпиондар лигасының он бесінші кубогын басынан асыра көтерген капитан ретінде кету құрметі бұйырыпты. Мен әрқашан "Реал Мадридпен" әдемі әрі лайықты түрде қоштасуды қаладым. Мен сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын", - деді Начо.

Marca басылымының мәліметі бойынша, Начо Сауд Арабиясының екінші дивизионының чемпионы "Әл-Кадсиямен" келісімшартқа отырады. Клубта "Атлетиконың" бұрынғы шабуылшысы Лусиано Вьетто және "Бетис" пен "Эвертонның" бұрынғы қақпашысы Хоэль Роблес өнер көрсетеді. Дереккөзге сәйкес, Сауд Арабиясындағы Фернандестің жалақысы жылына 10 миллион еуроны құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2123703-real-madrid-tarihynda-eng-kop-zhulde-zhengip-algan-futbolshy-komandadan-ketti/