Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мессиге қарсы ойнаған, "ПСЖ" қақпасына гол соққан футболшы қазақстандық клубтан кетті

Жарияланған күні:

Сада Тиуб пен Лионель Месси
Сада Тиуб пен Лионель Месси. Фото: Catherine Steenkeste/Getty Images

Франциялық жартылай қорғаушысы Сада Тиуб семейлік "Елімай" клубынан кетті. Бұл туралы ақпаратты KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Тиуб биыл наурыз айында "Елімай" командасына қосылып, барлық турнирлерде 15 матч өткізді.

Тиуб өз мансабында франциялық "Анже", "Сент-Этьен" клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол 2017 жылы Сенегал құрамасында Конфедерациялар кубогында ойнады.

Айта кетейік, бір жыл бұрын Сада Тиуб Францияның бірінші лигасында Месси бастаған "ПСЖ" клубының қақпасына гол соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124078-messige-qarsy-oinagan-pszh-qaqpasyna-gol-soqqan-futbolshy-qazaqstandyq-klubtan-ketti/