Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанда өзіңді мәдениетті ұстауың қажет": Черчесов журналистермен қарым-қатынасы жөнінде айтты

Жарияланған күні:

Cтанислав Черчесов
Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистермен қарым-қатынасы жөнінде сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– Сіз Ресейде жұмыс істеген кезде журналистер сіздің естігіңіз келмейтін сөздердің тізімін жасаған болатын. Осы орайда біз не нәрсеге дайын болуымыз керек? Қазақстандық журналистерге қандай тыйым болады?

– Мен негізі тәрбиелі адаммын. Ол Ресейде болған жағдайлар. Ал бұл Қазақстан. Бұл жақта өзіңді мәдениетті ұстауың қажет (күлді). Егер қалжыңсыз айтар болсақ, бұл маңызды. Себебі маған сенімсіздік, күмән секілді дүниелер ұнамайды. Былайша айтқанда, қисынсыз сұрақтарға қисынсыз жауап табылады.

Еске салайық, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын.

Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы "В" дивизионында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен кездеседі. Бірінші ойындар қыркүйек айынының басына жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124549-qazaqstanda-ozingdi-madenietti-ustauyng-qazhet-cherchesov-zhurnalistermen-qarym-qatynasy-zhoninde-aitty/