Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Станислав Черчесов: Шетелдік футболшыларға Қазақстан төлқұжатын ұсынғым келмейді

Жарияланған күні:

Cтанислав Черчесов
Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

Бүгін, 26 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері Станислав Черчесовтың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Астанада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері Станислав Черчесов және футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. Аталмыш жиында алға қойылған мақсаттар мен құрама жайлы мәселелер көтерілді. Жаңа бапкер Станислав Черчесов шетел футболшыларын құрамаға шақыру жөнінде сауалға жауап берді.

"Шетелдік спортшыларды ұлттық құрамаға күштеп шақырғым келмейді. Десе де мен Ресей құрамасын жаттықтырған кезде ондай жағдай да болды. Егер Қазақстан азаматтығын алып қойған футболшы болса қарсы емеспін. Бірақ ешкімге "Қазақстан төлқұжатын ал" деп ұсыныс жасағым келмейді. Барлығы өз еркімен болуы керек", - деді бапкер.

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистермен қарым-қатынасы жөнінде сұраққа жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124555-stanislav-cherchesov-sheteldik-futbolshylarga-qazaqstan-tolquzhatyn-usyngym-kelmeidi/