Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футболшыларға ұнауға тырыспаймын": ұлттық құраманың бас бапкері ойыншыларды қалай іріктейтінін айтты

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Patrick Smith - FIFA/FIFA via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында ұлттық құрамаға шақырылатын ойыншылардың жас шамасына байланысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– Бауыржан Байтана мен Дмитрий Шомко сияқты тәжірибелі ойыншылар ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндік ала ма?

– Мен бұған дейін бапкерлік құрамның бақылауында екі жас футболшы болатынын айттым. Мәселен Ресей құрамасына бапкер болып жүрген кезімде командаға 18 жастағы Головин шақырылды. Сол кезде маған ешкім жастарды шақыруға мәжбүрлеген жоқ ғой. Сол сияқты. Егер футболшының бойында қарым-қабілеті болса, мен оны бірден байқаймын. Мен футболшыларға ұнағым келмейді. Мен үшін футболшылардың жас мәселесіне байланысты ешқандай айырмашылық жоқ. Нәтиже қажет. 36 жастағы футболшы ұлттық құрамада ойнай алмайды деп қайда жазылған?

Еске салайық, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын.

Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы "В" дивизионында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен кездеседі. Бірінші ойындар қыркүйек айынының басына жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124570-men-futbolshylarga-unauga-tyryspaimyn-ulttyq-quramanyng-bapkeri-oiynshy-tangdau-maselesin-koterdi/