Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен сүйгізбеймін": Нұралы Әліптің әрекетіне байланысты сұраққа президент пен бас бапкер жауап берді

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп пен Әділет Барменқұлов
Нұралы Әліп пен Әділет Барменқұлов матчтан соң. Видеодан кадр: Instagram/Қазақстанның футбол федерациясы

Бүгін, 26 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері Станислав Черчесовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

2022 жылы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Словакияны 1:0 есебімен жеңген болатын. Осы жеңістен кейін ерекше қуанған Нұралы Әліп Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұловтың маңдайынан сүйіп алған болатын.

Баспасөз жиыны барысында журналист осы әрекет жайлы қалжың аралас сауал қойып, бас бапкер Станислав Черчесов бұл сияқты мәселелерге қалай қарайтынын сұрады.

– Ұлттық құраманың өз дәстүрі болды. Осыған дейін Әліп федерация президентінің басын сүйді. Егер ертең, мәселен, Англия құрамасын жеңетін болсақ, басыңыздан сүйгізесіз бе?

Бұл сұраққа ең бірінші болып Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов:

"Мен сүйгізбеймін", - деп күліп жауап берді.

Ал ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов:

"Президенттің алдына шықпауымыз керек. Біріншіден, Англияға жетіп алуымыз керек. Екіншіден, жеңуіміз керек. Мұның бәрі мүмкін. Бұл тұрғыда жұмысты қалай жүргізуіміз маңызды. Бұл бүгін-ертең болмайтыны анық, бірақ болашақта бұл мәселе шындыққа айнадардай жұмыс істеуіміз қажет", - деп қысқа қайырды

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында ойыншыларды қалай іріктейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124588-prezidentti-suiuge-bolmaidy-cherchesov-nuraly-alipting-is-areketine-qatysty-oz-oiyn-bildirdi/