Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазір Новогорскіде емес, Еуро-2024 турнирінде жүруім керек еді": Адиев ішкі қынжылысын білдірді

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев Championat.com сайтына берген сұқбатында Ұлттар лигасындағы жеңілісті есіне алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

– Грекиядан жеңіліс әлі күнге дейін ішіңізде қайнап жатқан шығар...

– Қазір Еуропа чемпионаты өтіп жатыр, мен бірде-бір ойынды толыққанды көрген жоқпын. Көңіл құлазитынын жасырмаймын. Қазір Новогорскіде емес, Еуро-2024 турнирінде ойнауым керек еді деген ойлар мазалайды. Әсіресе Словения мен Дания құрамалары арасындағы матч маған ауыр тиді. Бұл матчта құдды менің туыстарым ойнап жатқандай сезім қалдырды, өйткені біз бұл командаларды жан-жақты зерттеген едік.

– Неліктен Грекиямен болған ойында не нәрсе жетіспеді?

– Топтық кезеңдегі Словениямен болған матчта бізде үлкен мүмкіндік болды. Екінші таймда біз есепті теңестірдік, басымдық таныттық, жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Бізге сол уақытта футболшылар жетіспеді, себебі бірқатары жарақат алған, ойыннан шеттетілген еді. Ал Грекияға келетін болсақ, біз психикалық тұрғыдан дайын болмадық. Шамасы, мен құраманы психологиялық тұрғыдан дұрыс қамшылай алмадым, өйткені біз функционалды дайындыққа көп мән бердік. Ойымыз жеңіліп қойған еді. Бүкіл Қазақстан бұл матчтарды екі ай бойы күтті, сондықтан бұл жүк жігіттерге ауыр болды.

Айта кетейік, ресейлік маман Магомед Адиев 2022 жылдың сәуір айында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Оның басшылығымен құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тарихындағы ең жақсы жетістіктерге қол жеткізді, сонымен қатар УЕФА Ұлттар лигасында бір сатыға жоғарылады. Ал осы жылдың мамыр айында Магомед Адиев бас бапкер қызметінен кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2125176-qazir-novogorskide-emes-euro-2024-turnirinde-zhuruim-kerek-edi-adiev-ishki-qynzhylysyn-bildirdi/