Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайдан біліп алады": Черчесов 1,2 млн еуро жалақы алатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесов
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесов. Фото: Srdjan Stevanovic/Getty Images

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Youtube-тегі BorodAbata арнасына берген сұқбатында өзінің жалақысы туралы айтты. Ол жылына 1,2 миллион еуро жалақы алатынына байланысты ақпаратқа да түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін ресейлік инсайдер Иван Карпов Черчесов жылына 1,2 миллион еуро жалақы алатынын айтқан болатын. Осы мәселе бойынша Станислав Черчесов:

"Бұл инсайдерлер өзіме де белгісіз жалақым туралы ақпаратты қайдан біліп алады деп таңғаламын. Көпшілігі мен туралы жиі жазады, мен мұндай жағдайларға 15 жасымнан бастап етім үйреніп кеткен. Әрқашан мұндай сандарды екіге, тіпті беске бөлуге де дағдыланғанмын. Мен бұл туралы тіпті ойламаймын. Мұның бәрі де лирика", - деді.

3 маусымда Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126097-qaidan-bilip-alady-cherchesov-1-2-mln-euro-zhalaqy-alatyny-turaly-aqparatqa-tusinikteme-berdi/