Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Швейцария құрамасы Италияны жарыс жолынан шығарды

Жарияланған күні:

Ремо Фройлер
Швейцария құрамасының футболшысы Ремо Фройлер. Фото: Alex Grimm/Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңі басталды. Алғашқы матчта Швейцария құрамасы Италиядан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Германия астанасы Берлиндегі Олимпиада стадионында өткен 1/8 финалдық кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 37-минутында Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Ремо Фройлер есеп ашты. Екінші таймда оның командаласы (46-минутта) Рубен Варгас қарсыластың қақпасын дәл көздеп, гол салды. Ойын аяқталғанға дейін осы есеп сақталып, Швейцария құрамасы жеңіске жетті. Ал 2021 жылы Еуропа чемпионы атанған Италия командасы жарысты аяқтады.

Енді швейцариялықтар 1/4 финалда қай командаға қарсы ойнайтыны Англия – Словакия матчынан кейін анықталады. Бұл матч ертең, 30 маусымда сағат 21:00-де басталады.

Еске салайық, футболдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық құрама анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126172-euro-2024-shveitsariia-quramasy-italiiany-zharys-zholynan-shygardy/