Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Германия мен Дания арасындағы матч найзағайдың салдарынан тоқтатылды (видео)

Жарияланған күні:

Футболдан Германия мен Дания құрамалары арасындағы матчтағы ауа-райының құбылуы
Футболдан Германия мен Дания құрамалары арасындағы матчтағы ауа-райының құбылуы. Фото: Alexander Hassenstein/Getty Images

Еуропа біріншілігінің 1/8 финалында кездескен Германия мен Дания құрамалары арасындағы матчта жай оты жарқырап, ауа-райының құбылуына байланысты матч уақытша тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Германия мен Дания құрамалары Дортмундтағы "Сигнал Идуана Парк" стадионында турнирдің 1/8 финалдық кездесуі өтіп жатқан болатын. Матч барысында бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнады.

Осылайша Еуро-2024 турнирінің бұл матчы найзағай мен ауа-райының салдарынан тоқтатылды. Ойынның 36-минутында төреші Майкл Оливер үзіліс жариялады. Футболшылар алаңға әлі шыққан жоқ. Сондай-ақ эфирде ауа-райына байланысты матчтың тоқтатылғаны жөнінде хабарлама пайда болды.

Айта кетейік, Германия мен Дания арасындағы матчта гол соғылмады, есеп – 0:0.

UPD: шамамен 25 минуттан кейін футболшылар алаңға қайта оралып, ойын өз жалғасын тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126202-euro-2024-germaniia-men-daniia-quramalary-arasyndagy-oiyn-uaqytsha-toqtatyldy/