Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Германия құрамасы ширек финалға өтті

Жарияланған күні:

Футболдан Германия құрамасының ойыншылары
Футболдан Германия құрамасының ойыншылары. Фото: Oliver Hardt - UEFA/UEFA via Getty Images

Еуро 2024 турнирінің 1/8 финалдық кезеңінде Германия мен Дания құрамалары кездесті. Қызыққа толы матчта Германия құрамасы басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Матч Дортмунд қаласында орналасқан "Сигнал Идуана Парк" стадионында өтті.

Ойындағы есепті Германия құрамасы ашты. Матчтың 53-минутында Кай Хаверц пенальтиден гол соғып, немістерді алға шығарды. Ал ойынның 68-минутында Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала есепті еселеді.

Ойын соңына дейін 2:0 есебі сақталып, Германия құрамасы ширек финалға шықты.

Сондай-ақ ойынның 36-минутында Германия мен Дания құрамалары арасындағы матч найзағай ойнап, ауа-райының құбылуына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Арада шамамен 25 минут уақыт өткеннен кейін ойын өз жалғасын тапты.

Германия құрамасының 1/4 финалдық кезеңдегі қарсыласы Испания – Грузия матчынан кейін белгілі болады. Бұл ойын 30 маусым күні 23:50-де басталады.

Айта кетейік, Еуропа біріншілігі 14 шілдеге дейін жалғасады. Турнирдің 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы матчында Швейцария құрамасы Италиядан 2:0 есебімен басым түсіп, италиялықтарды жарыс жолынан шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126208-euro-2024-germaniia-quramasy-shirek-finalda-oner-korsetedi/