Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Англия құрамасы қосымша уақытта жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды

Жарияланған күні:

Англия құрамасының футболшылары Джуд Беллингем және Харри Кейн
Англия құрамасының футболшылары Джуд Беллингем және Харри Кейн. Фото: Michael Regan - UEFA/UEFA via Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Англия құрамасы Словакияны ұтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Гельзенкирхенде (Германия) өткен матч 2:1 есебімен аяқталды. Ойынның 25-минутында Словакия құрамасының шабуылшысы Иван Шранц көзге түсіп, есеп ашты. Бұл оның биылғы Еуропа чемпионатындағы үшінші голы болды.

Екінші таймның басында Англия футболшысы Фил Фоден қарсыластың қақпасына дәл соққы жасаған еді. Бірақ ол ойыннан тыс қалғандықтан, гол есепке алынбады.

Ал матч аяқталуға жақын қалған сәтте (90+5 минутта) англиялық ойыншы Джуд Беллингем гол соқты. Осылайша, негізгі уақыт тең есеппен аяқталып, кездесу экстра-таймға ұласты. Экстра-таймның алғашқы минутында Харри Кейн (Англия) мергендік танытты. Осылайша, англиялықтар жеңіске жетіп, 1/4 финалға өтті.

Енді Англия құрамасы ширек финалда Швейцарияға қарсы ойнайды. Бұл матч 6 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ақтық сыны 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126466-euro-2024-angliia-quramasy-qosymsha-uaqytta-zhengiske-zhetip-shirek-finalga-zholdama-aldy/