Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл агенттердің ойыны": Максим Самородовтың трансферіне байланысты тосын жаңалық пайда болды

Жарияланған күні:

Максим Самородов
Максим Самородов. Фото: "Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Ақтөбе" футбол клубының шабуылшысы Максим Самородовқа еуропалық клубтардың қызығушылығы туралы Серый Cardinal Telegram арнасы жаңа ақпаратты бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралында қазақстандық футболшының "Рапид" немесе "Штурм" клубтарына ауысуы туралы хабар тараған болатын.

Дереккөздің ақпараты бойынша аустриялық клубтардың трансферлік мәселесін жыға танитын дереккөз Максим Самородовқа деген қызығушылығын жоққа шығарды.

"Бұл агенттердің ойыны екеніне сенімдімін. Мен оған жеке қызығушылық танытар едім, өйткені ол соңғы кездері лайық өнер көрсетіп жүр. Мен аустриялық клубтардың Самородовқа деген қызығушылығының жоқ екенін білемін. Әрине Максим Қазақстаннан кетуі керек. Сонда ғана ол алға жылжып, өз қарым-қабілетін одан әрі аша түсуі мүмкін", - деді біздің дереккөз", - деді Серый Cardinal Telegram арнасы.

Айта кетейік, 22 жастағы шабуылшы Максим Самородов – Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі. Футболшының "Ақтөбемен" келісімшарты осы жылдың 31 желтоқсанда аяқталады. Осы маусымда ол барлық турнирлерде ақтқбелік клуб сапында 17 матч өткізіп, 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126742-bul-agentterding-oiyny-maksim-samorodovtyng-transferine-bailanysty-tosyn-zhangalyq-paida-boldy/