Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының ойыншысы: Черчесовтің келгені маған еш әсер етпеді

Жарияланған күні:

Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков. Фото: instagram.com/sadybekov_26

"Қайрат" футбол клубының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков 29 маусымда "Астанамен" (3:1) өткен ойында матчтың нәтижесіне тікелей әсер ететін жеңіс голын соқты. Осы ойыннан кейін Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында футболшы Александр Кержаковпен бірлескен жұмыс, Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Черчесовтің осы ойынға қатысқаны туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

– Бір айға жуық уақыт бойы Александр Кержаков "Қайрат" футбол клубын баптап келеді, оның талаптары мен ойын моделіне үйрендіңіз бе?

– Менің ойымша, жанкүйерлер клубтың ойын үлгісін түсініп үлгерді деп ойлаймын, біз доппен көбірек ойнаймыз, позициялық шабуылдарды жиі ұйымдастырамыз.

– Бұл ойынға Станислав Черчесов те қатысты, сіз бұл туралы ақпаратты білдіңіз бе?

– Ойын басталардан 30 минут бұрын мен бұл туралы білдім. Алайда оның келгені, стадионда болғаны маған еш әсер етпеді.

– Черчесовпен бірге жұмыс істеуден қандай нәтиже күтесіз?

– Тек оң нәтиже.

Айта кетейік, 22 жастағы футболшы Әділет Садыбеков Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында 12 матч өткізіп, үш гол соқты. Сондай-ақ ол қазіргі таңда ұлттық құраманың белді мүшесіне айналып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2126835-qazaqstan-quramasynyng-oiynshysy-cherchesovting-kelgeni-magan-esh-aser-etpedi/