Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" трансферлік құны 280 миллион теңге тұратын жаңа ойыншысын таныстырды

Жарияланған күні:

Назми Грипши
Назми Грипши. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

"Астана" футбол клубы 26 жастағы албаниялық жартылай қорғаушысы Назми Грипшимен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Астана" футбол клубы албаниялық футболшы Назми Грипшимен 2 жылдық келісімшартқа отырды.

"Астана" футбол клубы албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипшимен келісімшарт жасасты. Назми Албанияның тумасы. 26 жастағы аяқдопшы мансабының көп бөлігін "Астанамен" 2023/24 жылғы маусымда УЕФА Конференциялар лигасында кездескен "Балкани" футбол клубында өткізді. Ол шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, әрі оң не сол қанат шабуылшысы ретінде өнер көрсете алады", - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Transfermarkt албаниялық футболшыны 550 мың еуроға (шамамен 280 миллион теңге) бағалайды. Танымал порталдың мәліметінше, Грипши елорда клубына еркін агент ретінде ауысқан.

"Астананың" су жаңа ойыншысы бұған дейін Албанияда "Теуту" және "Скендербеу" клубтарында ойнаған, бұдан бөлек Косовода "Балканидің" намысын қорғаған. Сондай-ақ Грипши бұған дейін Албанияның 19 және 21 жасқа дейінгі жастар құрамаларында өнер көрсеткен.

Назми Грипши косоволық "Балкани" клубының сапында 31 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Ал "Скендрбеу" клубының құрамында 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2127399-astana-transferlik-quny-280-million-tengge-turatyn-zhanga-oiynshysyn-tanystyrdy/