Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Мбаппе франциялық "Лилль" футбол клубына ауысты

Жарияланған күні:

Этан Мбаппе
Этан Мбаппе. Фото: instagram/losclive

Килиан Мбаппенің туған інісі Этан Мбаппе "Лилль" футбол клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

17 жастағы Этан Мбаппе осыған дейін "ПСЖ" футбол клубында ойнаған. Алайда париждік клуб басшылары келісімшарт мерзімі аяқталған Этанды клубта сақтап қалғысы келмеді. Сол себепті Мбаппе "Лилль" командасымен 3 жылдық келісімшартқа отырды.

"Лилль" футбол клубына қосылғаныма өте қуаныштымын. Жаңа әріптестеріммен, жанкүйерлермен және клубтың қызметкерлерімен танысуға асықпын. Франция чемпионатында қалу мен үшін дұрыс шешім болды деп ойлаймын. "Лилль" – Франциядағы үздік клубтардың бірі. Осы командаға келгеніме қуанышытымын", - деді Этан Мбаппе.

Этан Мбаппе – "ПСЖ" футбол клубының академиясында тәлім алған. Париждік клубтың негізгі командасы сапында 5 матч өткізді, бірақ нәтижелі іс-қимылмен көзге түспеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2129400-resmi-mbappe-frantsiialyq-lill-futbol-klubyna-auysty/