Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Америка кубогы: жартылай финалға шыққан барлық құрама анықталды

Жарияланған күні:

Футболдан Колумбия құрамасының ойыншылары
Футболдан Колумбия құрамасының ойыншылары. Фото: Jamie Squire/Getty Images

Футболдан Америка кубогының ширек финалы аяқталып, жартылай финалға өткен барлық құрама анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 7 шілдеде ширек финалдың соңғы екі матчы өтті. Колумбия құрамасы Панаманы 5:0 есебімен жеңді. Ал Уругвай командасы Бразилияны пенальти сериясында қапы қалдырды (4:2). Осылайша, жартылай финалда Аргентина, Канада, Уругвай, Колумбия командалары ойнайды.

Қазақстан уақыты бойынша жартылай финал ойындарының кестесі:

  • 10 шілде, 05:00. Аргентина – Канада;
  • 11 шілде, 05:00. Уругвай – Колумбия.

Айта кетейік, АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогының финалы 15 шілдеде Майами-Гарденс (Флорида штаты) қаласында болады.

Соңғы рет Америка кубогын 2021 жылы Аргентина құрамасы жеңіп алған еді. Бұл команда финалда Бразилияны 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2130294-futboldan-amerika-kubogy-zhartylai-finalga-shyqqan-barlyq-qurama-anyqtaldy/