Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024 турнирінің ең жылдам ойыншысы анықталды

Жарияланған күні:

Киллиан Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Alex Pantling - UEFA/UEFA via Getty Images

Еуро-2024 турнирінің ең жылдам ойыншысы анықталды. Ол – Франция құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Килиан Мбаппе. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуро-2024 додасына арналған Instagram желісіндегі ресми парақшаға сілтеме жасап хабарлайды.

УЕФА Еуропа чемпионатының ширек финалдық ойындарынан кейін ең жылдам футболшылар рейтингін жариялады. Бұл тізімде Килиан Мбаппе көш бастап тұр. Оның жылдамдығы – 36,5 км/сағ.

Екінші орынға Испания құрамасының шабуылшысы Ферран Торрес (36 км/сағ) тұрақтаса, ал үздік үштікке Словения құрамасының шабуылшысы Беньямин Шешко (35,9 км/сағ) енді.

Еуропа біріншілігіндегі жылдам ойыншылар тізімі:

  1. Килиан Мбаппе (Франция) — 36,5 км/сағ;
  2. Ферран Торрес (Испания) — 36 км/сағ;
  3. Беньямин Шешко (Словения) — 35,9 км/сағ;
  4. Лерой Зане (Германия) — 35,8 км/сағ;
  5. Валентин Михэйлэ (Румыния) — 35,8 км/сағ;
  6. Тео Эрнандес (Франция) — 35,7 км/сағ;
  7. Дан Ндой (Швейцария) — 35,6 км/сағ;
  8. Микки ван де Вен (Нидерланд) — 35,6 км/сағ;
  9. Расмус Хойлунд (Дания) — 35,5 км/сағ;
  10. Рафаэль Леау (Португалия) — 35,4 км/сағ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2130873-euro-2024-turnirining-eng-zhyldam-oiynshysy-anyqtaldy/