Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін "Ордабасы" футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасында ойнайды

Жарияланған күні:

"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары
"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Бүгін, 10 шілдеде шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы 2024/25 маусымғы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық "Петрокубпен" кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ордабасы" – "Петрокуб" матчы Шымкенттегі Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Бұл ойын сағат 20:00-де басталады және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Осы кездесуде жеңген команда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кипрлік "АПОЭЛ"-ға қарсы ойнайды.

Еске салайық, өткен жылы "Ордабасы" клубы тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған еді. Шымкенттік команда финалда қарағандылық "Шахтерді" 3:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша "Ордабасы" Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алған еді.

Биылғы Қазақстан біріншілігінің кестесінде "Ордабасы" көш бастап келеді. 12 ойыннан кейін команда 25 ұпай жинап 1-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2131494-bugin-ordabasy-futbol-kluby-algash-ret-chempiondar-ligasynda-oinaidy/