Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Рамазан Оразов даниялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты (видео)

Жарияланған күні:

Футболшы Рамазан Оразов
Футболшы Рамазан Оразов. Фото: kff.kz

Даниялық "Силькеборг" футбол клубы Нидерландыдағы оқу-жаттығу жиыны барысында "ПЕК Зволле" командасына қарсы ойын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Матч "Силькеборгтың" 3:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Ойынның 27-минутында Александр Линд гол соғып, даниялықтарды есепте алға шығарды. Ал 31-минутта "Силькеборгтың" негізгі құрамында шыққан қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов пенальтиді мүлтіксіз орындап, есеп айырмасын еселей түсті.

Матчтың 32-минутында Тони Адамсен есепті 3:0-ге жеткізді. Ал қарсылас команданың ойыншысы Энтони Фонтана матчтың 46-минутында гол соғып, есепті қысқартты.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында "Ақтөбемен" қош айтысып, даниялық "Силькеборгтың" сапына қосылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2131548-futbolshy-ramazan-orazov-daniialyq-klub-sapyndagy-algashqy-golyn-soqty/