Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасы: "Ақтөбе" өз алаңында есе жіберіп қойды

Жарияланған күні:

"Ақтөбе" ойыншылары
"Ақтөбе" ойыншылары. Фото: fc-aktobe.kz

УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ақтөбе" мен "Сараево" клубтары кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбенің Орталық стадионында өткен "Ақтөбе" мен "Сараево" ойыны 0:1 есебімен босниялықтар жеңіске жетті.

Ойынның соңына дейін қос команда бір-бірінің қақпасына қанша рет шабуылдаса да, гол соға алмап еді. Тек матчтың 90-минутында "Сараево" клубының шабуылшысы Франсис Кьереме гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Қарымта кездесу 18 шілдеде сырт алаңда өтеді. Екінші матчтың нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған клуб УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығады. Бұл кездесудің жеңімпазы "Спартак Трнава" (Словакия) клубымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2132685-konferentsiia-ligasy-aqtobe-oz-alangynda-ese-zhiberip-qoidy/