Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше ай жалақы алмаған "Ақжайық" футболшылары алаңға шығудан бас тартты

Жарияланған күні:

"Ақжайық" футбол клубының ойыншылары
"Ақжайық" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fcakzhayik

Оралдық "Ақжайық" футбол клубының ойыншылары Бірінші лиганың матчына қатысудан бас тартты. Олар бірнеше ай бойы жалақы алмай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ақжайық" ұжымы бүгін, 12 шілдеде Ақтөбеде жергілікті "Ақтөбе Жас" командасымен ойнауы керек еді. Бірақ оралдық футболшылар матчқа қатысудан бас тартты. "Ақжайық" футбол клубының директоры Манарбек Ержанов әлі күнге дейін қаржы бөлінбегендіктен, ойыншылар осындай қадамға барғанын айтты. 

Футболшылар облыс әкімдігіне барып, 5-6 ай бойы жалақы алмағандықтан, қиын жағдайда қалғанын жеткізген. Ал БҚО әкімінің жақында тағайындалған орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін уақыт керек екенін айтты.

Қазір "Ақжайық" командасы Бірінші лиганың турнир кестесінде 6 ұпаймен 11-орында тұр. Оралдық команда маусым басталғалы 12 матч өткізіп, 8 рет жеңіліп, тек 1 рет жеңіске жетті. Ал қалған 3 ойында қарсыласпен тең түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2132982-birneshe-ai-zhalaqy-almagan-aqzhaiyq-futbolshylary-alangga-shygudan-bas-tartty/