Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан еурокубок матчтарынан кейін УЕФА рейтингінде төмендеп кетті

Жарияланған күні:

Ислам Чесноков
Ислам Чесноков. Фото: ФК "Тобол"

Еурокубоктың бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттері рейтингінде 40-орынға түсіп кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коэффициенттер командалардың еурокубоктық матчтарда жиған ұпайлары бойынша үлестіріледі. Биылғы және алдыңғы төрт маусымның нәтижелері бойынша арнайы қауымдастықтарға коэффициенттер беріледі. Егер коэффициенттер үлесі тең болған жағдайда, алдыңғы маусымдағы жоғары коэффициентке ие болған қауымдастық жоғары орынға шығады.

УЕФА қауымдастықтарының коэффициенті бойынша рейтинг:

  1. Англия – 85.732;
  2. Италия – 75.356;
  3. Испания – 70.561;
  4. Германия – 67.910;
  5. Франция – 55.165;
  6. Нидерланд – 51.900;
  7. Португалия – 46.016;
  8. Бельгия – 41.200;
  9. Турция – 33.600;
  10. Чехия – 33.550;

...

38. Латвия – 9.000;

39. Армения – 8.500;

40. Казахстан – 8.250;

41. Мальта – 7.875;

42. Лихтенштейн – 7.500.

Айта кетелік, биылғы еурокубоктық турнирде Қазақстан қауымдастығы атынан "Ордабасы", "Тобыл", "Ақтөбе", "Астана" клубтары қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2133024-qazaqstan-eurokubok-matchtarynan-keiin-uefa-reitinginde-tomendep-ketti/