Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неміс футболшысы Томас Мюллер ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Томас Мюллер
Томас Мюллер. Фото: Alexander Hassenstein/Getty Images

Томас Мюллер өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Германия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Мен әрқашан өз елімнің атынан өнер көрсеткенімді мақтан тұтамын. Барлығыңызға алғыс айтқым келеді. Мен енді ұлттық құрамаға стдионнан жанкүйер боламын", - деді Мюллер өзінің Instagram парақшасында жариялаған видеода.

Томас Мюллер 2010 жылдың қазан айында Германия құрамасында дебют жасады. Шабуылшы ұлттық құрама сапында 131 матчқа қатысып, 45 гол соқты. 2014 жылы Томас Мюллер Германия ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Томас Мюллердің ұлттық құрамадағы соңғы матчы Еуропа чемпионатының 1/4 финалдық кезеңінде болды. Ширек финалдық ойында Германия құрамасы Испанияға қарсы матч өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2134260-nemis-futbolshysy-tomas-miuller-ozining-mansabyn-aiaqtaitynyn-malimdedi/