Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үздік ондықта Месси мен Роналду жоқ": биыл "Алтын допқа" басты үміткерлер кім

Жарияланған күні:

"Алтын доп" жүлдесі
"Алтын доп" жүлдесі. Фото: Joan Valls/Urbanandsport /NurPhoto via Getty Images

Еуропа чемпионаты мен Америка кубогы сияқты ірі додалар өз мәресіне жеткеннен кейін белгілі Goal порталы маусымның үздік футболшысына табысталатын "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл тізімде Еуро-2024 турнирінің үздік ойыншысы атанған Родри Эрнандес көш бастады. Родри қазіргі уақытта Испания құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының белді ойыншысы.

Ал "Реал Мадрид" футбол клубының басты жұлдыздары саналатын Жуниор Винисиус пен Джуд Беллингем тізімнің кейінгі сатысына жайғасты. 

Аталмыш рейтингтің үздік 20 ойыншысының тізіміне Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси де енді. Сегіз мәрте "Алтын допты" иеленген аргентиналық футболшы рейтингтің 16-сатысында тұр.

Еуро-2024 турнирінде рекордтарды бұзған Ламин Ямаль тізімнің 12-сатысына жайғасса, керемет ойынымен көзге түскен Нико Уильямс 10-орынға тұрақтады.

"Алтын допқа" үміткер 20 ойыншының тізімі:

  1. Родри ("Манчестер Сити");
  2. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид");
  3. Джуд Беллингем ("Реал Мадрид");
  4. Даниэль Карвахаль ("Реал Мадрид");
  5. Лаутаро Мартинес ("Интер");
  6. Тони Кроос ("Реал Мадрид");
  7. Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид");
  8. Харри Кейн ("Бавария");
  9. Филип Фоден ("Манчестер Сити");
  10. Нико Уильямс ("Атлетик");
  11. Флориан Виртц ("Байер");
  12. Ламин Ямаль ("Барселона");
  13. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");
  14. Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла");
  15. Альваро Мората ("Атлетико");
  16. Лионель Месси ("Интер Майами");
  17. Хулиан Альварес ("Манчестер Сити");
  18. Дани Ольмо ("РБ Лейпциг");
  19. Букайо Сака ("Арсенал");
  20. Родриго ("Реал Мадрид").

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2134668-altyn-dopqa-basty-umitkerler-tizimi-zhariialandy-uzdik-ondyqta-messi-men-ronaldu-zhoq/