Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Килиан Мбаппе "Реал Мадридтің" базасында медициналық тексерістен өтуде (видео)

Жарияланған күні:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: t.me/realmadridcdf

Футболдан Франция ұлттық құрамасының капитаны Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" клубының қатарына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Франция құрамасының белді футболшысы Килиан Мбаппенің "Реал Мадрид" базасына келгені туралы ақпарат тарады. Ойыншы мадридтік клубтың базасында медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Сондай-ақ Килиан Мбаппенің "Реал Мадрид" клубының футболшысы ретіндегі ресми таныстырылымы бүгін, 16 шілдеде өтеді.

Айта кетелік, футболшының "Реал Мадрид" клубымен келісімшарты 2029 жылға дейін межеленген. Бұған дейін Мбаппе "ПСЖ" құрамында өнер көрсеткен. Өткен маусымда франциялық шабуылшы команда сапында 48 матч өткізіп, 44 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Transfermarkеt порталы франциялық шабуылшының трансфердегі нарықтық құнын 180 миллион еуроға бағалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2134755-mbappe-real-madrid-qataryna-qosyldy/