Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мбаппені "Реал Мадридтің" жаңа ойыншысы ретінде таныстыру рәсімінің тікелей трансляциясы

Жарияланған күні:

Капитан сборной Франции по футболу Килиан Мбаппе
Капитан сборной Франции по футболу Килиан Мбаппе. Фото: Emin Sansar/Anadolu via Getty Images

Бүгін, 16 шілдеде франциялық футболшы Килиан Мбаппе испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Салтанатты шараның тікелей трансляциясы "Реал Мадрид" футбол клубының Youtube желісіндегі ресми арнасында өтіп жатыр.

Осыған дейін Килиан Мбаппе "Реал Мадридтің" базасында медициналық тексерістен өткенін жазған едік.

Еске салайық, Мбаппе маусым айында мадридтік клубқа ауысқан еді. 25 жастағы футболшы 2017 жылдан 2024 жылға дейін франциялық "ПСЖ" командасында ойнады. Ол "ПСЖ"-мен бірге Франция чемпионатын алты рет жеңіп алды, төрт рет Франция кубогының, үш рет ел Суперкубогының, екі рет Франция лигасы кубогының жеңімпазы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2134893-kilian-mbappening-resmi-tanystyrylymynyng-tikelei-transliatsiiasy/