Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еурокубоктық матч қарсаңында "Ақтөбе" клубы маңызды футболшымен қош айтысты

Жарияланған күні:

Бауыржан Байтана
Бауыржан Байтана. Фото: fc-aktobe.kz

"Ақтөбе" футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Байтананың командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ақтөбе" футбол клубы өзара келісім аясында жартылай қорғаушы Бауыржан Байтанамен арадағы келісімшартты үзгенін хабарлады.

"Ақтөбе" футбол клубы Бауыржанға бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейді", - деп жазылған ақтөбелік клубтың Instagram парақшасында.

32 жастағы қазақстандық футболшы 2022 жылғы маусымның барысында "Ақтөбе" клубының сапына қайта оралып, барлық тунирлерде 44 матчқа қатысып, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Клубтың қатарында Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, ел біріншілігінде "Ақтөбе" клубы турнир кестесінде 22 ұпай еншілеп, 2-орынға жайғасқан. Ал турнирлік кестеде шымкенттік "Ордабасы" командасы 25 ұпаймен көш бастап келеді.

Ертең, 18 шілдеде ақтөбелік ұжым Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында босниялық "Сараевоға" қарсы қарымта матчын өткізеді. Бірінші ойында "Ақтөбе" клубы өз алаңында 0:1 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2135385-eurokuboktyq-match-qarsangynda-aqtobe-kluby-mangyzdy-futbolshymen-qosh-aitysty/