Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қосалқы құрамда жүрген Абат Айымбетов түркиялық клубтың капитаны болды

Жарияланған күні:

Абат Айымбетов
Абат Айымбетов. Фото: instagram.com/aimbetov9507

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" командасының капитаны ретінде алаңға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Адана Демирспор" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында әзербайжандық "Сумгайыт" клубымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. "Адана Демирспор" cапынан Юсуф Бараси дубль авторы атанса, "Сумгайыт" командасынан Рагим Садыхов пен Никола Вуйнович гол соқты.

Матчқа Абат Айымбетов те қатысты. Қазақстандық футболшының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған суреттерге сүйенсек, ол капитан ретінде ойнаған.

Айта кетейік, Абат Айымбетов өткен маусымда "Адана Демирспор" сапында 9 матч өткізіп, 1 гол соқты. Ол Түркия чемпионатының 37-туры аясында "Антальяспорға" қарсы ойынның 65-минутында мергендік танытқан еді.

Айымбетов түркиялық клубқа ақпанда ауысты. Футболшы клубпен 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2135412-qosalqy-quramda-zhurgen-abat-aiymbetov-turkiialyq-klubtyng-kapitany-boldy/