Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылдың командасынан жеңілдік": белгілі журналист "Ордабасының" ойынын сынға алды

Жарияланған күні:

"Ордабасы" – "Петрокуб" ойыны
"Ордабасы" – "Петрокуб" ойыны. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Журналист Ержан Мұқаш УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік "Ордабасы" футбол клубын жеңген молдовалық "Петрокуб" командасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

10 шілдеде "Ордабасы" өз алаңында "Петрокубпен" тең ойнаған еді. Бірақ 17 шілдеде сырт алаңда өткен қарымта кездесуде 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша шымкенттік команда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін аяқтады.

"Петрокуб" 8000 адам тұратын Молдованың ауылының командасы. Бұл жекеменшік клуб. Ал "Ордабасы" мемлекеттікі. Біздің команда алып отырған бюджет 3-4 миллиард теңге. Ал "Петрокубтың" бюджеті 500 миллион теңге. "Петрокуб" cапындағы 7-8 футболшы өздері тәрбиелеген ойыншылар. Ал бізде, керісінше, 7-8 легионер, қалғаны өзіміздің шалдар", - деді Ержан Мұқаш Sportpulse.kz сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, "Ордабасы" ұжымы енді УЕФА Конференция лигасында бақ сынайды. Шымкенттік команда люксембургтік "Дифферданж" клубымен кездеседі. Алғашқы матч 25 шілдеде сырт алаңда, қарымта ойын 1 тамызда Қазақстанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2136888-auyldyng-komandasynan-zhengildik-belgili-zhurnalist-ordabasynyng-oiynyn-synga-aldy/