Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубының капитаны командадан кетті

Жарияланған күні:

Виктор Васин
Футболшы Виктор Васин. Фото: fckairat.com

Алматылық "Қайрат" футбол клубының капитаны, ресейлік футболшы Виктор Васин командадан кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайраттың" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Виктор Васин алматылық командаға 2022 жылдың басында қосылған еді. Футболшы "cары-қаралар" сапында 68 матч өткізіп, 4 гол соққан. Оның клубпен келісімшарты өзара келісім бойынша бұзылды.

"Ол әріптестерін шабыттандырып, бізді қиын сәттерде қолдап, ойында әрқашан 100% беріліп ойнайтын. "Қайрат" футбол клубының үлкен ұжымы Викторға адалдығына, еңбекқорлығы мен кәсібилігіне шын жүректен алғыс айтады! Оған амандық тілей отырып, оның барлық бастамасы сәтті болсын дейміз!", - делінген клубтың мәлімдесінде.

Айта кетейік, "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының кестесінде 22 ұпаймен 3-орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2136930-qairat-futbol-klubynyng-kapitany-komandadan-ketti/