Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024-те көзге түскен грузиялық ойыншы әлемнің қымбат қақпашысы атанды

Жарияланған күні:

Футболдан Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвили
Футболдан Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвили. Фото: James Baylis - AMA/Getty Images

Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвили Португалия құрамасының қақпашысы Диогу Коштамен қатар Еуро-2024 турнирінен кейін әлемдегі ең қымбат қақпашылар көшін бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Transfermarkt порталы қақпашылардың трансферлік бағасын жаңартты. Бұл тізімде бірінші орынды Еуро-2024 турнирінде ерекше көзге түскен қос қақпашы – 23 жастағы Георгий Мамардашвили мен 23 жастағы Диогу Кошта бөлісті. Олардың трансферлік құны 45 миллион еуроға бағаланды.

Рейтингтің одан кейінгі орындарына "ПСЖ" қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма мен "Боруссия Дортмунд" қақпашысы Грегор Кобель (40 миллион еуро) жайғасты.

Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат қақпашылар:

1-2. Георгий Мамардашвили ("Валенсия") – 45 миллион еуро;

1-2. Диогу Кошта ("Порту") – 45 миллион еуро;

3-4. Джанлуиджи Доннарумма ("ПСЖ") – 40 миллион еуро;

3-4. Грегор Кобель ("Боррусия Дортмунд") – 40 миллион еуро;

5. Майк Меньян ("Милан") – 38 миллион еуро;

6-10. Гульельмо Викарио ("Тоттенхэм Хотспур") – 35 миллион еуро;

6-10. Давид Райя ("Арсенал") – 35 миллион еуро;

6-10. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити") – 35 миллион еуро;

6-10. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити") – 35 миллион еуро;

6-10. Андре Онана ("Манчестер Юнайтед") – 35 миллион еуро.

Айта кетейік, Германияда өткен Еуропа чемпионатында Грузия құрамасы сәтті өнер көрсеткен. Топтық кезеңде Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасын 2:0 есебімен жеңген болатын.

Ал турнирдің 1/8 финалдық кезеңіне дейін жеткен олар турнирдің болашақ жеңімпаздары Испаниядан айласын асыра алмады (1:4). Грузия ұлттық құрамасының қақпашысы Мамардашвили бұл додада 4 матчқа қатысып, 29 сейв жасады. Бұл барлық қақпашылар арасында Еуро-2024-тің ең жақсы көрсеткіші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2136954-euro-2024-te-kozge-tusken-gruziialyq-alemning-qymbat-qaqpashysy-atandy/