Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ жеріндегі шаруамен қолым босамай жүр": Станислав Черчесов уақыты болмай жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесов
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесов. Фото: Srdjan Stevanovic/Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Матч ТВ арнасының эфирі кезінде Ресей чемпионатының матчтарын көруге қолы тимей жүргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 20 шілдеде Ресей Премьер лигасының бірінші туры аясында "Локомотив" пен "Акрон" клубтары арасындағы ойынды тамашалады. Алайда ресейлік тілшілер Черчесовтен "Спартак" – "Оренбург" матчы жайлы пікірін сұрады.

"Мен "Спартак" пен "Оренбург" арасындағы ойынды көрмедім. Бірақ мені футбол қызықтырмайды, олардың қалай ойнайтынына мән беремін. Мен келесі ойындарды көретін боламын, бүгін "қазақтардың шаруасыммен" қолым босамады", - деді Станислав Черчесов.

Еске салайық, 3 маусымда Станислав Черчесов Магомед Адиевтің орнына футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2137797-qazaqtardyng-sharuasymen-qolym-bosamai-zhur-stanislav-cherchesov-uaqyty-bolmai-zhurgenin-aitty/