Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің ең үздік жас футболшысы атағына үміткерлер тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

Ламин Ямаль
Ламин Ямаль. Фото: David S.Bustamante/Soccrates/Getty Images

90min басылымының нұсқасы бойынша 2024 жылғы "Golden Boy" жүлдесіне басты үміткерлер тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

90min басылымы Instagram желісіндегі парақшасында 2024 жылғы "Golden Boy" жүлдесіне басты үміткер 10 футболшының тізімін жариялады. Бұл тізімде Испания құрамасы мен "Барселона" клубының 17 жастағы ойыншысы Ламин Ямаль көш бастап тұр.

"Golden Boy" жүлдесіне үміткерлердің ондығы:

  1. Ламин Ямаль – "Барселона";
  2. Уоррен Заир-Эмери – "ПСЖ";
  3. Алехандро Гарначо – "Манчестер Юнайтед";
  4. Кобби Майну – "Манчестер Юнайтед";
  5. Пау Кубарси – "Барселона";
  6. Савио – "Жирона";
  7. Лени Йоро – "Лилль";
  8. Арда Гюлер – "Реал Мадрид";
  9. Жоау Невеш – "Бенфика";
  10. Александар Павлович – "Бавария".

Айта кетейік, "Golden Boy" жүлдесі еуропалық клубта өнер көрсететін 21 жасқа толмаған үздік ойыншыға беріледі. Бұл тізімде көш бастап тұрған Ламин Ямаль Еуро-2024 турнирінде ерекше өнерімен көзге түсті. Еуропа біріншілігінде ол барлық 7 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2137929-alemning-eng-uzdik-zhas-futbolshysy-atagyna-umitkerler-tizimi-zhariialandy/