Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұдан да маңызды дүние бар": cербиялық футболшы Қазақстанда стадион салу мәселесін көтерді

Жарияланған күні:

Стефан Живкович
Стефан Живкович. Фото: fcirtysh.kz

Бұрын Қазақстан Премьер лигасындағы клубтарда ойнаған сербиялық футболшы Стефан Живкович Қазақстан футболының инфрақұрылымы жайында айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен Қазақстанға алғаш рет келгенімде таңғалдым. "Астана-Аренадан" басқа барлық стадион ескі болды. Қазір клубтардың басшылығы алаңдардың сапасын жақсартуға тырысып жатқанын байқадым. Қазақстанда жаңа стадиондар салынғанын қалар едім. Біздің Сербияда да ескі стадиондар бар. "Црвена Звезда" командасы өте ескі аренада ойнайды. Бірақ олар стадионды еуропалық стандарттарға сай етіп қалпына келтірді. Ол жердегі киім ауыстыратын бөлмелер, душ пен дәретханалар қазір жап-жаңа.

Футболдың орташа деңгейін көтеру үшін Қазақстанға бес жаңа стадион қажет. Қазақстанда стадиондардың салынбау себебі мемлекеттің бұдан ба маңызды мәселелері бар. Қазақстанда адамдар қиындықта өмір сүріп жатыр, сондықтан өңірлердің басшылығы футболдың дамуына тиісті көңіл бөлмейді", - деді Живкович.

Айта кетейік, Стефан Живкович бес қазақстандық футбол клубында ойнаған. Атап айтқанда, ол "Ертіс", "Атырау", "Жетісу", "Тұран" және "Қызылжар" командаларында өнер көрсетті. Живкович осы бес клуб сапында барлығы 104 матч өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2138034-budan-da-mangyzdy-dunie-bar-cerbiialyq-futbolshy-qazaqstanda-stadion-salu-maselesin-koterdi/