Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасы: "Ордабасы" футбол клубы люксембургтік командаға есе жіберді

Жарияланған күні:

"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары
"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fc_ordabasy

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында шымкенттік "Ордабасы" сырт алаңда Люксембургтің "Дифферданж" клубына қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Любксембургте өткен алғашқы ойында шымкенттік команда "Дифферданж" клубына 0:1 есебімен есе жіберіп қойды. Ойындағы жалғыз голды матчтың 37-минутында люксембургтік команданың футболшысы Жоржиньо соқты.

"Ордабасы" мен "Дифферданж" клубтары арасындағы қарымта кездесу 1 тамызда Шымкентте өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, қос команда да УЕФА Чемпиондар лигасындағы жеңілісінен кейін Конференция лигасына түсіп қалған болатын. Шымкенттік "Ордабасы" молдавалық "Петрокуб" командасына есе жіберіп қойған еді. Ал Дифферданж" клубы "КИ Клаксвиктен" 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2138832-uefa-konferentsiia-ligasy-ordabasy-futbol-kluby-liuksemburgtik-komandaga-ese-zhiberip-qoidy/