Бүгін, 24 шілдеде Парижде (Франция) жазғы Олимпиада аясындағы футбол бәсекелері басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы футбол жарысына 16 команда қатысады. Олар 4 топқа бөлінген. Әр топтағы үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Матчтарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
24 шілдеде болатын футбол жарыстарының кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
- 18:00. Аргентина — Марокко (В тобы);
- 18:00. Өзбекстан — Испания (С тобы);
- 20:00. Гвинея — Жаңа Зеландия (А тобы);
- 20:00. Египет — Доминикан Республикасы (С тобы);
- 22:00. Ирак — Украина (В тобы);
- 22:00. Жапония — Парагвай (D тобы);
- 00:00. Франция — АҚШ (А тобы);
- 00:00. Мали — Израиль (D тобы).
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасын 25 шілдеден бастайды. Бірінші болып садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері бақ сынайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2139120-ozbekstan-ispaniia-bugin-parizh-olimpiadasynda-futbol-dodasy-bastalady/