Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Өзбекстан құрамасы Испаниядан айласын асыра алмады

Жарияланған күні:

Футболдан Испания мен Өзбекстан құрамаларының ойыншылары
Футболдан Испания мен Өзбекстан құрамаларының ойыншылары. Фото: Carl Recine/Getty Images

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында футболдан Испания мен Өзбекстан құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

С тобында өнер көрсететін қос құрама арасындағы тартысты ойында Испания құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 29-минутында Испания құрамасының қорғаушысы Марк Пубиль қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Ал Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов ойынның 45+3-минутында пенальтиді мүлтіксіз орындап есепті теңестірді. Матчтың 62-минутында Серхио Гомес гол соғып, испаниялықтарды алға шығарды.

С тобында Испания, Өзбекстан, Египет және Доминикан Республикасы құрамалары ойнайды. Египет пен Доминикан Республикалары бүгін, 24 шілдеде ойнайды. Матч сағат 20:00-де басталады.

Париж Олимпиадасындағы футбол турнирі 24 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Финалдық матч 10 тамызда Парижде болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2139343-parizh-olimpiadasy-ozbekstan-quramasy-ispaniiadan-ailasyn-asyra-almady/