Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан азаматтығын алған футболшы "Тобыл" клубына ауысты

Жарияланған күні:

Александр Зуев
Александр Зуев. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев қостанайлық "Тобыл" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қостанайлық клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қостанай футбол мектебінің тәрбиеленушісі туған клубымен келісімшартқа отырды. Александр Зуев 1996 жылы 26 маусымда Қостанайда дүниеге келді. Футболды "Тобыл" үйірмесінде бастады, алғашқы бапкері – Рафик Балбабян.

Зуев 2013 жылы Еуропа чемпионатын (U-17) ұтқан, Ресейдің жасөспірімдер құрамасына, сондай-ақ жастар құрамасына үнемі шақырылып отырды. Өткен жылдан бастап ол Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайды, тіпті гол соғып үлгерді.

Александр Зуев – жартылай қорғаныста да, вингер позициясында да ойнауға қабілетті жан-жақты футболшы. Үнемі қозғалыста жүреді, талапшыл, доппен белсенді, бүкіл сол қапталды жаба алады", - деп жазды "Тобыл" клубының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Александр Зуев ресейлік "Спартак", "Ростов", "Рубин", "Химки", "Крылья Советов" клубтарында, сондай-ақ сербиялық "ИМТ" командасында доп тепкен. Бұған дейін ол ресейлік "Арсенал" футбол клубында ойнаған. Сондай-ақ футболшы былтыр ҚР азаматтығын алғанға дейін Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамасында өнер көрсеткен. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2139570-qazaqstan-azamattygyn-algan-futbolshy-tobyl-klubyna-auysty/