Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасы: "Тобыл" футбол клубы сырт алаңда ірі есеппен жеңіліске ұшырады

Жарияланған күні:

"Тобыл" футбол клубының ойыншылары
"Тобыл" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fctobol

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында "Тобыл" футбол клубы сырт алаңда швейцариялық "Санкт-Галлен" командасымен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы бұл швейцариялықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 28-минутында "Санкт-Галлен" клубының ойыншысы Альберт Вальчи өз қақпасына автогол соғып алды. Матчтың 35-минутында швейцариялық команданың футболшысы Михайло Стеванович есепті теңестірсе, 39-минутта Чадрак Аколо бос қақпаға гол соғып, есепте алға шықты.

Матчтың 77-минутында "Санкт-Галленнің" ойыншысы Бастиан Тома гол соқса, бірінші таймда өз қақпасына гол соғып алған Альберт Вальчи ойынның 90+7-минутында есепті 4:1-ге жеткізді.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамызда Қостанайда өтеді.

"Санкт-Галлен" – "Тобыл" жұбының жеңімпазы келесі кезеңде "Рига" (Латвия) – "Шленск" (Польша) арасындағы матчта жеңіске жеткен командамен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесінде словакиялық "Ружемберок" (2:5, 1:0) клубына есе жіберіп қойған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2139816-konferentsiia-ligasy-tobyl-futbol-kluby-syrt-alangda-sankt-gallennen-zhengilis-tapty/