Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" клубы Конференция лигасы аясындағы матчта жеңісті қолдан жіберіп алды

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубы
"Астана" футбол клубы. Фото: Goran Stanzl/Pixsell/MB Media/Getty Images

Елордалық "Астана" футбол командасы Конференция лигасы аясында кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 25 шілдеде Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі ойындар өтті. Аталмыш жарыста қазақстандық клубтар да бақ сынап жатыр. Атап айтсақ, елордалық "Астана" футбол клубы іріктеудің 2-раунды аясында молдовалық "Милсами" ұжымына қарсы кездесі өткізіп, тең нәтижеге қол жеткізді.

Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың алғашқы голын астаналық клубтың жаңа футболшысы Грипши 57-минутта салды. Десе де кездесудің соңғы минуттарында алаң иелері есепті теңестіріп кетті (Лупано, 89-минут).

Айта кетейік, екі команда арасындағы қарымта матч 1 тамызда өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым келесі кезеңге жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2139918-astana-kluby-konferentsiia-ligasy-aiasyndagy-matchta-zhengisti-qoldan-zhiberip-aldy/