Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ФИФА Олимпиада ойындарындағы жанжалдан кейін тергеу басталғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Футболдан Аргентина мен Марокко құрамаларының ойыншылары
Футболдан Аргентина мен Марокко құрамаларының ойыншылары. Фото: Tullio M. Puglia/Getty Images

ФИФА-ның тәртіптік комитеті Париж Олимпиадасы аясында өткен Аргентина мен Марокко құрамалары арасындағы матчынан кейін тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Аталмыш ұйым бірінші тур аясында Аргентина мен Марокко құрамалары арасында өткен матчты қайтадан тексеру мақсатында сарапшы тағайындайды.

Сонымен қатар ФИФА тергеу нәтижелері мен қосымша ақпарат алдағы уақытта көпшілікке мәлім болатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Медина матчтың 90+16 минутында гол соғып, есепті 2:2 қылып теңестірген болатын. Осы голды тойлау кезінде марокколық жанкүйерлер Аргентина футболшыларына түрлі заттар лақтырып, одан кейін алаңға жүгіріп шығып, жаппай тәртіпсіздік белең алған болатын. Осыған байланысты ойын уақытша тоқтатылды. Араға екі сағат салып қайтадан басталған ойын барысында төреші соңғы голды бейне қайталаудан тексергеннен кейін есепке алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2140042-fifa-olimpiadada-oiyndaryndagy-zhanzhaldan-keiin-tergeu-bastalganyn-malimdedi/