Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы "Ахматқа" ауысуы мүмкін

Жарияланған күні:

Максим Самородов
Максим Самородов. Фото: instagram/samorodov_10_

"Ақтөбе" клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов "Ахматқа" ауысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Sport24 сайтының мәліметіне сүйенетін болсақ, шабуылшы Максим Саморордов жақында ресейлік "Ахмат" футбол клубы құрамын толықтырады. Дереккөздің айтуынша, трансфер сомасы 1 миллион еуроға бағаланады және келісімшарт 4 жылға созылады.

Қазақстандық ойыншы аптаның ортасында Грозныйда медициналық тексеруден өтеді.

Биылғы маусымда Максим Самородов Қазақстан чемпионатында 12 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 пас берді.

"Ахмат" футбол клубының бас бапкері – Магомед Адиев. Ол осыған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған.

Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымында "Ахмат" клубы 12-орында келеді, олар екі матчта екі ұпай жинады. Олар келесі ойынды 4 тамызда "Локомотивке" қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2141166-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-shabuylshysy-ahmatqa-auysuy-mumkin/