УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында "Астана" футбол клубы өз алаңында "Милсамиді" қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Астана" мен "Милсами" клубтары арасындағы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы Алматы қаласында өтті.
Матчтың 50-минутында елордалық клубтың футболшысы Марин Томасов есепті ашты. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, елордалық команда екі матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Қос команда арасындағы Молдовада өткен бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын.
Айта кетейік, бұл матчтың жеңімпазы УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында кездесетін "Корвинул" (Румыния) мен "Риека" (Хорватия) командаларының жеңілгенімен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2143324-konferentsiia-ligasy-astana-kluby-kelesi-kezengge-zholdama-aldy/