Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тобыл" футбол клубы Конференция лигасындағы жарыс жолын аяқтады

Жарияланған күні:

"Тобыл" футбол клубының ойыншылары
"Тобыл" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fctobol

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында "Тобыл" футбол клубы өз алаңында швейцариялық "Санкт-Галлен" командасымен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы швейцариялықтар 0:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қостанайлық "Тобыл" футбол клубы екі ойынның қорытындысы бойынша 1:5 есебін тіркеп, осы маусымдағы еурокубок жарыстарын аяқтады.

25 шілде сырт алаңдағы ойында қазақстандықтар 1:4 есебімен қарсыластарына жол берді. Келесі кезеңге өту үшін бүгін, 1 тамызда "Тобыл" кем дегенде 4 гол соғу керек еді. Алайда Қостанайда өткен ойында небәрі 1 гол көрдік. Оның өзін қонақтар, "Санкт-Галлен" 73-минутта салды.

Айта кетейік, бүгін Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында "Астана" футбол клубы өз алаңында "Милсамиді" қабылдаған еді. Матчтың 50-минутында елордалық клубтың футболшысы Марин Томасов есепті ашты. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, елордалық команда екі матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. Қос команда арасындағы Молдовада өткен бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын. Бұл матчтың жеңімпазы УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында кездесетін "Корвинул" (Румыния) мен "Риека" (Хорватия) командаларының жеңілгенімен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2143393-tobyl-futbol-kluby-konferentsiia-ligasyndagy-zharys-zholyn-aiaqtady/