Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді (фото)

Жарияланған күні:

Беллингем мен Мбаппе
Беллингем мен Мбаппе. Фото: Victor Carretero/Real Madrid via Getty Images

Мадридтік "Реалдың" жаңа шабуылшысы Килиан Мбаппе бүгін ресми жаттығуға кірісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Корольдік клубтың сапына Еуропа чемпионатынан кейін Даниэль Карвахаль (Испания), Джуд Беллингем (Англия), Орельен Тчуамени, Эдуарду Камавинга және Ферлан Менди қосылған.

Айта кетейік, Мбаппе биыл 3 маусымнан бастап ресми түрде "Реал" ойыншысы атанды. Оның жылдық жалақысы 30 млн еуроны құрайды. Сондай-ақ француз шабуылшысына әр соғылған голы үшін бонус төленбек. Бұдан бөлек екі тарап арасындағы келісімшартқа 1 млрд еуро көлемінде шегінбелі сомма енгізілді. Яғни мадридтік клуб келісімді бұзған жағдайда шабуылшыға ірі көлемде өтемақы төлейді.

Килиан Мбаппе биылға дейін Париждің ПСЖ клубында ойнап келді. Команда ел чемпионатын жеңгенімен, Чемпиондар лигасында сәтсіз өнер көрсетті. Ал "Реал Мадрид" болса Ли Лиганы да, Чемпиондар лигасын да жеңіп, кезекті рекордына қол жеткізді (ЧЛ-ды ең көп жеңген команда).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2146123-kilian-mbappe-real-madrid-sapyndagy-algashqy-zhattyguyn-otkizdi-foto/