Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

УЕФА Конференция лигасы: "Астана" футбол клубы сырт алаңда жеңіске жетті

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншылары
"Астана" футбол клубының ойыншылары: instagram.com / fca.astana

УЕФА Конференция лигасының үшініш іріктеу кезеңі аясында "Астана" клубы сырт алаңда румыниялық "Корвинул" командасына қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қос команда арасындағы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы бірінші матч Румынияда өтті. "Астана" футбол клубы сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 37-минутында "Корвинул" клубының ойыншысы Антонио Манолаче гол соғып, румыниялықтарды алға шығарды.

Екінші таймда шабуылды үдеткен "Астана" футбол клубы матчтың 62-минутында есепті теңестірді. Гол авторы – Усман Камара. Ал ойынның 80-минутында елордалық ұжымның футболшысы Джеффри Чинеду команданы алға шығарды.

Елордалық "Астана" мен румыниялық "Корвинул" арасындағы қарымта кездесу 14 тамызда Алматыда өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда "Сент-Миррен" (Шотландия) — "Бранн" (Норвегия) ойынының жеңімпазымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2146570-uefa-konferentsiia-ligasy-astana-futbol-kluby-syrta-alangda-zhengiske-zhetti/