Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасы: "Ордабасы" футбол клубы армениялық командаға есе жіберді

Жарияланған күні:

"Ордабасы" ойыншысы Бауыржан Исламхан
"Ордабасы" ойыншысы Бауыржан Исламхан. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік "Ордабасы" футболшылары УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Арменияның "Пюник" (Ереван) командасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бұл ойында армениялықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 56-минутта Юсуф Отубанжо салды. Бірінші таймда "Ордабасы" футболшысы Всеволод Садовский соққан голды төреші офсайдқа байланысты есепке алмады.

Қарымта кездесу 15 тамызда Ереванда өтеді деп жоспарланған. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған команда Конференция лигасының плей-офф раундында словениялық "Целе" немесе ирландиялық "Шемрок Роверс" (Дублин) командаcымен ойнайды.

Еске салайық, "Ордабасы" ұжымы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Люксембургтің "Дифферданж" клубымен кездескен еді. Екі матчтың қорытындысы бойынша шымкенттік команда басым түсіп, келесі кезеңге өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2146605-konferentsiia-ligasy-ordabasy-futbol-kluby-armeniialyq-komandaga-ese-zhiberdi/